Қауіпсіздік бағдарламалары құрылғылардағы файлдарды белгілі вирустар мен басқа қауіп төндіретін бағдарламалардың бар-жоғы тұрғысынан тексереді, файлдарға күй тағайындайды және кейбір файлдарды қоймаға орналастырады.
Мысалы, қауіпсіздік бағдарламалары келесіні жасай алады:
Файлдардың негізгі күйлері төмендегі кестеде келтірілген. Қауіпсіздік бағдарламаларының анықтамалықтарындағы файлдармен жасалатын әрекеттер туралы толығырақ ақпаратты ала аласыз.
Қоймадағы файлдардың күйлері
Күйдің атауы |
Күйдің сипаттамасы |
---|---|
Вирус жұққан |
Файлда, Kaspersky антивирустық дерекқорларында ақпараты бар белгілі вирус кодының немесе басқа қауіп төндіретін бағдарламаның аумағы табылды. |
Вирус жұқпаған |
Файлда белгілі вирустар немесе қауіп төндіретін басқа зиянды бағдарламалар табылған жоқ. |
Ескерту |
Файлда белгілі қауіп кодының бақылау аумағына ішінара сәйкес келетін код аумағы бар. |
Вирус жұққан болуы мүмкін |
Файлда белгілі вирустың түрлендірілген коды немесе Kaspersky бағдарламасына әлі белгісіз вирусқа ұқсайтын код бар. |
Қалтаға пайдаланушы орналастырған |
Пайдаланушы файлды өз бетінше қоймаға орналастырды, мысалы, файлдың әрекеті оған қауіп төндіреді деп күдіктенуге негіз болды. Пайдаланушы жаңартылған дерекқорлар арқылы файлдағы қауіптердің бар-жоғын тексере алады. |
Жалған іске қосылу |
Kaspersky бағдарламасы вирус кодына ұқсайтындығына байланысты вирус жұқпаған файлға вирус жұққан күйін берді. Жаңартылған дерекқорларды пайдаланып тексергеннен кейін, файл вирус жұқтырмаған деп анықталады. |
Емделді |
Файлды емдеу мүмкін болмады. |
Жойылды |
Файл өңдеу нәтижесінде жойылды. |
Құпиясөзбен қорғалған |
Файл құпиясөзбен қорғалғандықтан, өңделе алмайды. |